01
Құндылықтар және артықшылықтар
Бүгінгі таңда, «Nur Astana Kurylys» ЖШС – үздіксіз дамып келе жатқан орнықты ұйым. Бірінші кезекте, компанияның әрбір маманы қолдап іске асыратын құндылықтардың арқасында одан әрі дамып, алға басамыз.

02
Жайлылық және өмір сүруге қолайлы шарттар
Тұрғын үйлер мен кешендерді тұрғызғанда, ең алдымен, болашақ пәтер иелерінің жайлы және жақсартылған жағдайда өмір сүруі туралы ойланамыз. Сол себептен, «Nur Astana Kurylys» ЖШС барлық жобалары заманға сай кеңістік тұрғысынан әзірленіп, ыңғайлы жерде орналасып, таза және жасыл аймақтармен қоршалған барлық қажетті инфрақұрылымға ие болады.

03
Мінсіз сапа және қауіпсіздік
Біз материалдар мен жабдықтардың жеткізушілеріне қатаң талаптарды қоя отырып, алдыңғы қатардағы құрылыс технологияларын қолданамыз. Сонымен қатар, пайдаланылатын материалдар мен қоспалардың барлығы компанияның «NAK БРИК АСТАНА» ЖШС, «NAK BETON PRODUCTS» ЖШС сияқты тәуелді еншілес кәсіпорындарында өндірілген соң, олардың сапасы 100% жоғары екеніне сенімдіміз.
