АЙНАЛАЙЫН
САПА МЕН ЭСТЕТИКА - БІР ҮЙДЕ
"Айналайын" тұрғын үй кешені - бұл төрт секциядан тұратын, 169 пәтер бар 10-қабатты үй. Ол астананың Есіл ауданында Мұхамедханов көшесінде орналасқан, ал ол жерден қала орталығына оңай әрі ыңғайлы жетуге болады (ең жақын аялдамаға дейін - 400 метрден аспайды), сондай-ақ қаланың басқа маңызды нысандарына және көрнекі жерлеріне дейін тез жетуге болады. Кешеннен 2,5 км жерде Орталық парк орналасқан, ол - серуендеуге арналған мінсіз жер және Есіл өзенінің жағалауына дейін небәрі 1,5 км, мұнда табиғат аясында керемет демалуға болады.
Төңіректе көптеген дүкендер, шатханалар, медициналық мекемелер, дәріханалар, яғни жайлы өмір сүруге қажет барлық нысандар орналасқан. Өте жақын жерлерде мектептер мен балабақшалар бар.
ОРНАЛАСУЫ
Нұр-Сұлтан (Астана),
Есіл ауданы,
Мұхамедханов көшесі
ТАПСЫРУ
Барлық пәтерлер
сатылды
КАРТАДА
Холл мен подъездердің
диайнерлік шешімі
Эргономикалық және
заманауи жоспарлау
Үй маңы аумағын толық
абаттандыру және
ландшафттық
көгалдандыру
Тұрғындарға арналған
үлкен жерасты паркинг
ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Айналайын кешенінің жанында қала өмірі үшін қажет барлық инфрақұрылым нысандары бар. Бес минуттік жерде азық-түлік дүкені, одан алысырақ сұлулық салоны, шатхана мен әртүрлі бейіндегі басқа дүкендер орналасқан. Сондай-ақ кешенге жақын жерде ойын-сауыққа және сауда жасауға арналған көптеген жерлер бар: Kinopark кинопаркі, «Сарыарқа» және «Хан Шатыр» сияқты екі ірі сауда орталығы, опера театры және Ғашықтар паркі. Бес минуттік жерде аттракциондар паркі, "Арман" кинотеатры, Asia Park сауда орталығы мен ипподром орналасқан. Егер жарты сағат серуендесеңіз, онда Keriuen city СОСО, астаналық циркі және әртүрлі аттракциондар мен океанариум бар Орталық паркке жетуге болады.
Айналада сондай-ақ көптеген балабақшалар мен оқу мекемелері орналасқан, бұл балалары бар отбасылар үшін әсіресе өзекті.
СӘУЛЕТ
Айналайын ТҮ заманауи тұтасқұйма-қаңқалы технология бойынша салынған. Құрылыс кезінде пайдаланылатын эклогиялық қауіпсіз құрылыс материалдары пәтерлердің керемет пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етеді. Қабырғалар сенімді жылу оқшаулағышпен жылытылды, бұл энергия тиімділігі бар тұрғын үйдің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Кешеннің әр пәтерінің заманауи эргономикалық жоспарлауы бар, бұл кеңістікті барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Пәтерлерде бөлмелерге көп жарық өткізетін, энергияны үнемдейтін шыны пакеттері бар үлкен терезелер орнатылған.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Үй маңындағы аумақты толық абаттандыру және ландшафттық көгалдандыру жоспарланған. Кешеннің аумағында тұрғындардың жайлылығы мен сапалы уақыт өткізуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Ландшафттық көгалдандыру, жаяужолдар, әткеншектер мен төбешіктер бар алаңдар, жаппалар мен отырғыштар бар демалыс аймақтары, жаттығуларға және спорттық ойындарға арналған жеке қоршалған алаң - ересектер мен балалардың демалысы үшін барлық мүмкіндіктер бар. Тұрғындардың көліктері үшін жерасты паркингі салынған, сонымен қатар, үйдің жанында қонақтардың көліктеріне арналған орындар жайластырылған.
Кешеннің ауласында мүмкіндіктері шектеулі азаматтар еркін қозғалу үшін барлық жағдайлар жасалған.